Айтылды. Орындалды. Президенттің тапсырмалары туралы мәліметтер жарияланды

БОРТ №1 Telegram каналы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы бойынша берілген тапсырмаларды қалай орындалып жатқан туралы мәліметтерді жариялады.

Айтылды:

«Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет. «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірген жөн. Онда жастарымыз қолөнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысар еді».

Орындалды:

Мемлекет шығармашылық үйірмелерді жан басына қаржыландыру институтын алғаш рет енгізді;

2021 жылы 133 мыңнан астам бала сурет, би, музыка және басқа да үйірмелерге, 162 мыңнан астам бала мен жасөспірім спорт секцияларына тегін қатысты;

Республика бойынша спорт секцияларын ашуға бөлінген қаржы 6 миллиард теңгеден асты.