Қ.Тоқаев Ш.Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Қ.Тоқаев Ш.Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
Ақорда

Президенттер Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың және аймақтық кооперацияны кеңейтудің перспективаларын талқылады.

Екі ел басшылары сауда-экономикалық және өзара мүддені көздейтін басқа да салалардағы ынтымақтастықты жандандыруға ерекше назар аударды.

Тараптар өзбек көшбасшысының былтыр желтоқсанда Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыру мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан тарапы бастамашы болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.