Премьер-министр Жамбыл облысының жаңа әкімін таныстырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барып, облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысты. 

Үкімет басшысы мәслихат депутаттарына Жамбыл облысының әкімі лауазымына Нұржан Нұржігітовті тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің ұсыныс-хатын оқып берді. Депутаттар ұсынылған кандидатураны бір ауыздан мақұлдады.