Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті

Ерлан Қарин Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында Мемлекеттік комиссияның 2022 жылға арналған жұмысының басым бағыттары, атап айтқанда, жинақталған архив материалына ғылыми және заңдық баға беруді ұйымдастыру, терминологиялық базаны қалыптастыру, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бағытындағы заңнаманы жетілдіруге қатысты тұжырымдамалық құжаттардың жобаларын дайындау мәселелері қарастырылды. Отырыс қорытындысы бойынша Жобалық офисті трансформациялауға, жұмыс топтарын оңтайландыруға және комиссия қызметіне жаңа міндеттер жүктеуге қатысты бірқатар тапсырма берілді.