loader

Қазақстан – Канада қарым-қатынасына 30 жыл

Қазақстан – Канада қарым-қатынасына 30 жыл

10 сәуірде Қазақстан мен Канада арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Стратегиялық серіктес саналатын Үйеңкі жапырақты елмен дипломатиялық, экономикалық және инвестициялық серіктестік артып, әріптестіктің жаңа деңгейіне көтерілді. Мәселен, 2021 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы көлемі 496 млн АҚШ долларын құрап, кейінгі 6 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Сонымен қатар қос ел өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті, заң үстемдігі мен адам құқықтарын қамтамасыз етуде бірлесе жұмыс істеп келеді. Осы күнге орай екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасына арналған Қазақстан-Канада онлайн конференциясы өтіп, қатысушылар бірқатар маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты.

Виктор Оу, сенатор:

– Канада – Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі. Содан бері Канада мен Қазақстан халықаралық қауіпсіздік, мультимәдениеттілік, білім беру, гендерлік теңдік сияқты жаһандық мәселелер бойынша жұмыс істеп келеміз және бүгінгі таңда Қазақстан Канада үшін Орта Азия аумағындағы ең үлкен сауда серіктесі. Елдеріміздің арасындағы екі жақты  қарым-қатынас алдағы уақытта да нығайта түседі деген үміттемін.

Сондай-ақ...