Жаңа саяси ұстаным: шетелдік азаматтарға карта ашу мәселесінде сақ болу керек

Әсіресе Қазақстанның екінші деңгейлі банктері бұл мәселеге мұқият қарауы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін еліміздің ұлттық банкі қадағалаушы ұйымдарға Қазақстандық емес азаматтарға карта ашпай тұрып, Visa және MasterCard халықаралық төлем жүйелерімен ақылдасу керегін ескертті. Ресеймен де, Батыс елдерімен де арадағы қатынастың тепе-теңдігін сақтауға Қазақстан қашан да мүдделі. Бірақ дәл қазіргі жағдайда саяси-экономикалық қатынасты жеке-дара қарастыруға мәжбүрміз. Саясаттанушы Расул Ариннің пікірі осыған саяды. 

Расул Арин, саясаттанушы:

Экономикалық тұрғыдан біз Батысқа жақтасатын болсақ, ал саяси тұрғыдан біз жаңағы қатты шиеленіспеуге тырысамыз. Сол тұрғыда біз жаңа мультивекторлық  саясатты ұстанып отырмыз да. Себебі бұған дейінгі мультиверкторлық саясатта біз мүмкіндігімізше әр елмен бірдей қарым-қатынас құруға тырыссақ, қазір олай мүмкін емес.