Қазан айында АӨСШК саммиті өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады.

Кездесуде осы ұйымның биыл қазан айында өтетін алтыншы саммитіне дайындық барысы талқыланды. Қазақстан бұл кеңесті Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі толыққанды халықаралық ұйымға айналдыруды көздеп отыр. Басым бағыттардың бірі осы. Қайрат Сарыбай ұйымның жұмысындағы экономикалық өлшемді жандандыру мәселесіне тоқталып, жастар кеңесінің отырысын өткізуді жопарлап жатқандарын жеткізді. Мемлекет басшысы Қазақстанның аталған Кеңеске төрағалығының басымдықтарын тиімді жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ алдағы саммит нәтижесі бойынша қабылданатын қорытынды құжат жобасын мұқият әзірлеу қажеттігін айтты.

Кездесуде АӨСШК-ні Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі толыққанды халықаралық ұйымға айналдырудың перспективалары талқыланды. Осы маңызды міндетті жүзеге асыру Қазақстан төрағалығының басымдығы. Мемлекет басшысы Қазақстанның аталған Кеңеске төрағалығының басымдықтарын тиімді жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ алдағы саммит нәтижесі бойынша қабылданатын қорытынды құжат жобасын мұқият әзірлеу қажеттігін айтты.