Конституцияға ауқымды өзгерістер енгізіледі

"Екінші Республика" сапалы өзгерістер алып келетіні хақ.

Ең бірінші Конституциядағы 30-дан астам бапқа ауқымды толықтырулар енгізіледі. Осы тұста 20-ға жуық заңға түзетулер енгізу жоспарланған. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин "TALQYLAU" диалог алаңында айтты.

Айтуынша, өзгерістер елімізді дамыту үшін, оның ішінде Жаңа Қазақстанды құру үшін қажет.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Екінші Республика - институционалдық құқықтық деңгейде жүзеге асатын бастамалар. Ал Жаңа Қазақстан - бұл құндылықтар деңгейінде жүзеге асатын өзгерістер. Бұл ауқымды ұзақ мерзімді өзгеріс болуы мүмкін. Қоғам деңгейінде соған сәйкес дискуссия болуы керек. Біз қандай жаңа сапалы күйге ұмтылуымыз керек? Біздің ұлт қандай болуы керек? Біздің қоғам қандай болуы керек? Біздің азаматтар қандай құндылықтарға бағыт алу керек? Бұл өте үлкен, ұзақ мерзімді бір жағынан сарапшылар деңгейінде де мазмұнды дискуссияны талап етеді.

Асхат Оралов, AMANAT партиясының атқарушы хатшысы:

- Елдегі саяси жүйені өзерту AMANAT партиясынан басталды. 16 наурызда Президенттің халыққа жолдауы болды. Оның алдында сяси реформалардың төрт бірдей пакеті қабылданған. Біздің депутаттар "Жаңа Қазақстанды" құруға кірісіп кетті.