Еуропарламенттің арнайы комитеті сайланды

Сейсенбі күні Еуропарламенттің арнайы комитеті төрайымы лауазымына Бельгия депутаты Кэтлин Ван Бремп, сондай-ақ оның төрт орынбасарын сайланды. Ал оның мүшелігінде 38 адам бар.

Комитет құрылтай жиналысы өткен күннен бастап 12 ай бойы жұмыс істейді және оның мүшелерінің өкілеттігі ұзартылуы мүмкін. Жаңа комитеттің міндеті – Еуропаның COVID-19 пандемиясына реакциясын зерттеу. Қауіпті вируспен күресте жинақталған тәжірибе Еуропалық одақтың түрлі салалардағы болашақ іс-әрекеттеріне септігін тигізеді.

Арнайы комитет жұмысының көп бөлігі пандемиямен байланысты төрт салаға бағытталған: денсаулық сақтау, демократия және негізгі құқықтар бойынша келісілген жауап, әлеуметтік және экономикалық әсерлері, ЕО-ның басқа елдермен қарым-қатынасы.