Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
Sputnik Казахстан

Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Серікұлы Сарқұлов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ал бұл қызметті атқарып келген Мақсат Аманқұлұлы Қожабаев лауазымынан босатылды.