ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды
Ақорда

Мемлекет басшысының өкімімен Ермұхамбет Болатпекұлы Қоныспаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ақорданың баспасөз қызметі.

Оған дейін бұл қызметті атқарған Марат Зеникенұлы Сыздықов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болды.