ҚХА Мәжіліске екі үміткер ұсынды

Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Мәжіліске жаңадан бір депутат сайланады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үміткер ретінде екі адам тіркелген. Олар Закиржан Кузиев пен Виталий Тварионас. Алғашқысы Ұйғыр этно бірлестігінің өкілі, екіншісі Литва этно бірлестігінен. Парламенттің кіші палатасындағы мандатқа ие болатын адамды Ассамблея кеңесінің мүшелері таңдайды. Жаңа депутат бұған дейін денсаулығына байланысты мандатын тапсырған Тоқтасынов Владимирдің орнына сайланады. Айта кету керек, сайлаушылар екі үміткердің біріне немесе екеуіне де қарсы дауыс бере алады.

Сауытбек Әбдрахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Шығып қалған депутаттың орнына сайлау туралы шешімді ОСК қабылдайды. ОСК тәртібі бойынша Мәжіліске Ассамблеядан сайланған депутатты сайлау сессияда өткізіледі. Бүгін сол сессия өтіп отыр. Мәжіліске тағы да бір жақсы депутат келеді деп сенеміз. Бұған дейін Мәжіліске Ассамблеядан сайланған депутаттың шығып қалған жағдайы болған емес. Бұл бірінші рет шығып қалған депутаттың орнына сайлау. Бұл табиғи жағдай.