Қазақстан мен Грузияның кезекті үкіметаралық отырысы өтті

Тбилисиде Қазақстан мен Грузияның үкіметаралық комиссиясының 11-отырысы өтті. Басқосуда қазақстандық тауарлардың транзиті мен екіжақты сауда айналымын ұлғайту мәселесі талқыланды. Былтыр транзит көлемі 88 миллион долларға жеткен. Ал биыл наурыз айының өзінде қазақстандық тауарлардың тасымалы былтырғы осы мезгілмен салыстырғанда 70%-ке өскен. Тараптар екіжақты тауар айналымын ұлғайтуды да көздеп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Леван Давиташвили, Грузияның Экономика және тұрақты даму министрі:

– Екі мемлкет арасында инвестиция, туризм, сауда сынды түрлі салада ынтымақтастық орнаған. Бірақ біз тауар айналымын ұлғайтуға күш салуымыз қажет. Әсіресе қазіргідей геосасяи жағдайда тауар транзиті мәселесінің өзектілігі артты. 

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

–Біз үшін Грузия арқылы тасымалдауға болатын жүк көлемі мен жергілікті инфрақұрылымның оны қабылдауға дайындығын білу маңызды. Осы мақсатта порттар мен теміржол басшыларымен кездестік. Олар транзитпен өтетін жүк көлемін ұлғайтуға дайын екенін көрсетті. Бұл – бүгінгі үкіметаралық комиссия отырысында қарастырылған басты мәселе.