Депутаттар республикалық референдум туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс депутаттары «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» конституциялық заң жобасын мақұлдады.

Осы тұста Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов заң жобасының дауыс беру рәсімін жүзеге асыру кезінде азаматтарға қолайлы жағдай жасайтынын айтты. Сонымен қатар қазір комитет заң жобасын жұмысқа алуға дайын екенін  жеткізді.