Референдум қашан өтеді?

Мәжіліс референдумдағы бюллетеньдерге қатысты құжатты мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Заң жобасы республикалық референдум өткізу кезінде пайдаланылатын бюллетень нысандарын біріздендіру мақсатында әзірленді. Бюллетендердегі сұрақтардың бірде-біріне жауап белгіленбеген жағдайда жарамсыз деп танылады. Ал ұсынылған жауаптардың барлық нұсқалары белгіленген бюллетендер жарамды деп танылады. Алайда Президент жарлығы шықпайынша, нақты қанша және қандай сұрақ болатыны белгісіз.

Шавхат Өтемісов, ҚР ОСК мүшесі:

Қай күні референдум болады? Дата президенттің шешімімен бекітіледі. Арнайы президенттің жарлығы жарияланады. Сол жарлығында қандай редакцияда сұрақ қойылатыны бекітіледі. Сондықтан анық болады, қандай сұрақтар халықтың назарына ұсынылып жатқаны. Орталық сайлау комиссиясы ол сол президент жарлығында қалай, қандай редакцияда сұрақ қойылды, соны біз аламыз да бюллетеньге енгіземіз және де бюллетеньннің формасын бекітеміз.