Референдум: Е.Қарин Қызылорда облысының жұртымен кездесті

Референдум: Е.Қарин Қызылорда облысының жұртымен кездесті

Мемлекеттік хатшы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірге Қызылорда облысының жұртшылығымен кездесу өткізді.

Ерлан Қарин конституциялық реформаның негізгі бағыттары туралы айтты. Әрі шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен облыстың қоғамдық кеңес мүшелерімен жиын өткізіп, білім, мәдениет және өскелең ұрпаққа рухани-патриоттық тәрбие беру мәселелерін талқылады. Қоғам өкілдері елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен жалпыхалықтық референдум өткізудің маңыздылығын атап өтті. Кейін Ерлан Қарин өңірдің белсенді жастарымен жүздесті. Кіші буын өкілдері жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағдарламаларының орындалу жайын көтерді. Аймақтың белсенділері Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен жалпыхалықтық референдум идеясын қолдады.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Бұл реформалар өте ауқымды. Ата Заңда 98 бап бар болатын болса соның 33-іне өзгерістер енгізілейін деп отыр. Яғни үштен бірі. Мәселе тек сан жағынан емес, мазмұны жағынан да терең өзгерістер. Себебі бір сөзбен айтар болсақ, билік тармақтары арасындағы тең қарым-қатынас орнату.