«Amanat» партиясының қатары толықты

«Amanat» партиясының қатары толықты. Бүгін Орталық аппаратында салтанатты қабылдау болып, бизнес, үкіметтік емес ұйымдар, басқа да сала өкілдері мен белсенді жастар саяси ұйымға өтті.

Партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов «Аманат» ортақ құндылық аясында біріккен мүдделес азаматтардың ұйымы екенін атап өтті. «Amanat»-тың трансформациялауға қатысты жобаларын сапалы іске асыруға партияның жаңа мүшелері үлес қосады деген сенім білдірді. Партия қатарына қабылдау барлық өңірдегі филиалдарда өтіп жатыр.

Асхат Оралов, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:

- «Amanat» партиясының мүшесі атану үлкен жауапкершілік. Қазақта "аманат арқалау" деген жақсы ұғым бар. Жалпы партия деген адамдар мен ортақ құндылықтар ғой. Бұл партия Президентіміздің қоғамдағы тірегі болып қала береді.