476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ҚР Қаржы вице-министрі қызметінен босатылды

  • 171
  • UPD: 23:43, 12.05.2022
ҚР Қаржы вице-министрі қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Бахтияр Дүйсенбайұлы Қожахметов ҚР қаржы вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Бахтияр Қожахметов 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Карлов университетін, Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы жеке компанияда маман ретінде бастаған.

Әр жылдары «ҰАТ» АҚ, «Зерде» ҰИХ» АҚ, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде жұмыс істеді.

2016-2017 жылдары — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ төрағасының орынбасары.

2017-2019 жылдары — «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқарушы директоры.

2020-2021 жылдары — «Зерде» ҰИХ» АҚ басқарма мүшесі – төрағасының орынбасары.

2021 жылғы ақпаннан бастап ҚР қаржы вице-министрі болды.

 

Хабар 24 телеарнасы