Өскеменде депутаттар дәрігерлермен кездесті

Өскеменде депутаттар дәрігерлермен кездесті

Қос палатаның депутаттары ел аралап, Конституцияның баптарына енгізілетін өзгерістерді халыққа түсіндіріп жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәжіліс депутаттары Ирина Унжакова, Игорь Панченко мен Зарина Камасова Өскемендегі «Ана мен бала» орталығында болып, дәрігерлермен кездесті. Ата заңның баптарына енгізілетін өзгерістер туралы түсіндірді. Дәрігерлердің сауалдарына жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ салаға қатысты өзге де мәселелер туралы баяндады. Олардың айтуынша, халықты депутаттарды сайлау мәселесі көп толғандырады.

Зарина Қамасова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Кездесулерде тұрғындар тарапынан бізге әртүрлі сұрақтар қойылады. Халықты қызықтыратын сұрақтың бірі депутаттарды сайлау. «Сіздер енді депутаттарды таңдай аласыздар. Партиялық тізімнен бөлек өздеріңіз қалаған адамға дауыс беруге мүмкіндіктеріңіз бар. Олар сіздерге есеп береді. Егер депутаттың жұмысы көңілдеріңізден шықпаса, кері қайтаруға, яғни, депутаттық мандаттан айыруға болады» десек, «шынымен де солай бола ма?» деп қызығушылық танытып жатқан адам көп.