Сайлау жүйесіндегі өзгеріс не береді?

Депутаттардың 70 проценті партиялық тізім бойынша, ал 30-ы бір мандатты ау­мақтық сайлау округтері арқылы сайланады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс пен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихат депутаттары аралас сайлау жүйесі арқылы таңдалады. Бұл халық үніне құлақ асуды білдіреді. Қазақстанның азаматтық альянсы президенті Бану Нұрғазиева осындай ойда. Ал аудан және қалалық мәслихат депутаттығына үміткер өз бағдарламасын халыққа ұсынуы тиіс. Әрі кез келген адам депутат болып сайлана алады. Бұл әрине, бәсекелестік пен ашықтықты қамтиды, дейді сарапшы. 

Бану Нұрғазиева, Қазақстанның азаматтық альянсы президенті:

– Сайлау жүйесі өзгеріп жатыр. Соңғы жылдары қандай депутат болсын барлығы саяси партия арқылы өтеді. Қазір аралас жүйе жасап жатырмыз. Әрбір азамат мен боламын депутат деп шығатын болса, шықсын халық біледі. Халық әрбір адамға, ауыл болсын, қала болсын кім адал, әділетті екенін бәрін білеміз. Осы жүйенің өзгеруі арқылы әрбір аудандардағы маслихат депутаттары толық мажоритарлық, саяси партияда тұра ма тұрмай ма өздері баруы мүмкін.