456,05 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ішкі істер министрі бірқатар басшыны тағайындады

  • 121
  • UPD: 09:23, 18.05.2022
Ішкі істер министрі бірқатар басшыны тағайындады Polisia.kz

ІІМ-де облыстық полиция басшыларының орынбасарлары және елорданың аудандық полиция басшылары лауазымдарына үміткерлер қаралды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Арнайы жиында қатысушылар жаңа қызметтен үміттілердің жетістіктеріне тоқталып, олардың біліктіліктері мен кәсіби шеберліктерін талқылады.

Ведомство басшысы үміткерлердің әрқайсысымен сөйлесе отырып, ІІМ-нің нақты талаптарын, қызметкерлердің негізгі міндеттерін еске салды. Сондай-ақ әріптестерінің антқа адал болып, нәтижелі жұмыс көрсететініне сенім білдірді.

Ішкі істер министрінің бұйрығымен:

– Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары лауазымына Сапар Бауыржан;

– Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Ерлан Жалмағамбет;

– Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Есіл» аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына Әлібек Қожахметов;

– Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Байқоңыр» ауданының полиция басқармасының бастығы лауазымына Марат Абиров тағайындалды.

Айта кетейік, кадрлық тағайындаудың мұндай форматы Ішкі істер министрлігінде алғаш рет өткізілді.

Хабар 24 телеарнасы