Сенат Жоғарғы сот судьясын қызметінен босатты

Сенат Жоғарғы сот судьясын қызметінен босатты

Сенат депутаттары Жоғарғы сот судьясы Ерден Әріповті қызметінен босатты, деп хабарлайды «Хабар 24».  

«Басқа қызметке тағайындалуына байланысты Әріпов Ерден Рауанұлын жұмыстан босату туралы ұсынысты қарастырсаңыздар», – деді Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шип.

Мемлекет басшысының 26 наурыздағы жарлығымен Ерден Әріпов Қарағанды облыстық сотының төрағасы болып тағайындалған болатын.

Депутаттар судьяның отставкасын қолдап дауыс берді.