Қазақстан әлемдік нарыққа өнім шығаруды ұлғайтуға әзір

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ штаб-пәтерінде өткен "Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі: іс-қимылға шақыру" конференциясына қатысты.

Іс-шараға сондай-ақ 30-дан астам елдің өкілі, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы және өзге де халықаралық ұйымдары да шақырылған. Еліміздің Сыртқы істер министрі жиналғандар алдында сөз сөйлеп, Қазақстанның әлемдік нарыққа ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді одан әрі кеңейтуге дайын екенін жеткізді. Ресми сапар аясында Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесіп, ұйыммен екі жақты қарым-қатынасты нығайтуға арналған мәселелерді талқылады. Әлемдегі қарулы қақтығыстардан азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін ушықтырып жатқанын айтып, Қазақстанның алаңдаушылығын білдірді.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі:

- Қазақстан қазіргі қарулы қақтығыстарға ерекше алаудаушылығын білдіруде. Себебі осының салдарынан азық-түлік қауіпсіздігі мен оның қорына жапа шегіп келеді. Азық-түлікке мұқтаж адамдардың саны артып келеді. Сонымен қатар ковид-19 да аштықтың өршуіне кесірін тигізіп отыр. Осы орайда қақтығысқа қатысы бар барлық тараптарды халықаралық гуманитарлық заңға бағынуға шақырамыз.