Өңірлерде референдум жайы талқыланып жатыр

Жоғары палата депутаттары Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды талқылау үшін өңірлерде 150-ден аса іс-шара өткізді.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының қабылдауында болып, тұрғындардың назын жеткізді. Оларды бағаның өсуі, жолдардың жағдайы, жұмыспен қамту мәселесі, ауыз сумен және газбен қамтамасыз ету жайы алаңдатады. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметпен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аталған түйткілдерді шешу қажеттігін ескертті. 

Президент Үкіметпен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аталған мәселелерді шешу жұмыстарын жалғастыру қажет екенін атап өтті.