Президет: Жаңа Қазақстанды құруға кірістік

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездеуі кезінде алдағы өтетін референдумның маңыздылығына тоқталды.

«5 маусымда республикалық референдум өтеді. Ата заңымызға өзгерістер енгізіледі. Халқымыз осындай бетбұрысты кезеңде ел болашағын айқындауға тікелей атсалысатын болады. Жауапты сәтте әр азаматымыздың дауысы айрықша рөл атқарады», –  деді Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев.

Сондай-ақ Президент «Өткен жолғы басқосуда өзара пікір алмасып, жаңа ұстанымдарды айқындадық. Бірлесе жұмыс істеудің жолдарын нақтыладық. Мен бірқатар тапсырма бердім. Төрт ай деген аса көп уақыт емес. Бірақ осы аралықта ел ішінде және әлемде талай нәрсе өзгерді. Жаңа Қазақстанды құруға кірістік», – дей келіп, түптеп келгенде, келешегіміз экономиканың мықты болуына байланысты. Осы орайда, кәсіпкерлеріміз мемлекет мүддесін жоғары қоя білуі керек екенін айтты.