М.Әшімбаев БАӘ елшісіне көңіл айтты

Мәулен Әшімбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекет қайраткері шейх Сұлтан бен Заид Әл Наһаянның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сенат төрағасы Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшілігінде болған кезде көңіл айту кітабына жазба қалдырды. Мәулен Әшімбаев шейх Халифа бен Заид Әл Нахайян мұсылман әлеміндегі жарқын көшбасшылардың бірі және Қазақстанның тату досы болғанын айтқан. Марқұм екі жақты әріптестікті дамытуға зор үлес қосты. Жүзеге асқан маңызды әлеуметтік, инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар шейхтің есімімен байланысты.