ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.