83 ірі компанияға технологиялық аудит жүргізілді

83 ірі компанияға технологиялық аудит жүргізілді

Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевті қабылдады.

Серікқали Брекешевтің айтуынша, 83 ірі компанияға технологиялық аудит жүргізілген. Бұл олардың 2025 жылға дейін жаңа технологияға көшуге дайындығын бағалауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы мен экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған өңірлік Жол карталарын жүзеге асыру барысы таныстырылды. Одан бөлек Жаңа Су кодексі, орман шаруашылығы мен жануарлар әлемінің жай-күйі жөнінде ақпарат берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы мен экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған өңірлік Жол карталарының жүзеге асырылу барысы таныстырылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысына геологиялық саланың жағдайы мен Ұлттық геологиялық қызметті құру жұмыстары туралы баяндалды. Бұдан бөлек Президентке су шаруашылығы инфрақұрылымының ахуалы, вегетациялық кезеңді өткізу, жаңа Су кодексі, сондай-ақ орман шаруашылығы мен жануарлар әлемінің жай-күйі жөнінде ақпарат берілді.