Ә.Смайылов Қазақстандағы БАӘ Елшісіне көңіл айтты

Премьер-министр Әлихан Смайылов Біріккен Араб Әмірліктерінің шейхы Халифа бен Заид Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты Әмірліктің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиге көңіл айтты.

Ол шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның екі ел арасындағы достық қатынастарды дамытудағы баға жетпес рөлін атап өтті.

«Шейх Халифа бен Заид Әл Нахаян көреген саясаткер ретінде ғұмырын Біріккен Араб Әмірліктерінің көркеюіне арнады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жеке өз атымнан марқұмның отбасы мен жақындарына, Біріккен Араб Әмірліктерінің халқына көңіл айтамын», - деді Әлихан Смайылов. Сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктері Елшілігіндегі көңіл айту кітабына жазба қалдырды.