«Amanat» партиясының өкілдері Қонаев қаласынының халқымен кездесті

«Amanat» партиясының өкілдері Қонаев қаласынының тұрғындарымен кездесті.

Партия активінің жиынында алдағы өтетін референдум мәселесі сөз болды. Партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов саяси реформалар үшін болатын өзгерістер туралы айтып, тұрғындар мен ұйым өкілдерін науқанға белсенді қатысуға шақырды.

Айта кетейік, Алматы облыстық филиалында «Amanat»-тың 90 мыңнан астам мүшесі бар.

Асхат Оралов, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:

- Қадірлі ағайын, бәріміз енді еліміздегі тағдыршешті кезеңде жаңа Қазақстанға дауыс беріп, референдумге қатысайық. Аманатқа адал болайық.

Ерболат Тұрымбетов, Қонаев қаласы Іле ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі:

- Референдум – бұл енді үлкен сынақ елімізге. Көзі ашық азаматтар, ел жұрт бұны референдумге халықтың кездесіп жатқан кезде көзқарасы өте жоғары. Халық түсініп отыр. Өйткені барлық заң, қабылданған заң конституцияға тіреліп тұр.