ЕҰУ-да педагогтарға референдум туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді

Референдум туралы түсіндіру жұмыстары Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өтті.

Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығы ұйтқы болған жиынға профессорлық-оқытушылық құрам қатысты. Референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының мүшелері педагогтармен бірге Конституцияға енгізілуі мүмкін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде пікір алмасты.

Мұндай кездесулер еліміздің өзге де өңірлерінде өтеді, дейді қауымдастық өкілі Гүлжамал Жапарова.

Гүлжамал Жапарова, Қазақстан жоғарғы оқу орындары қауымдастығының өкілі:

- Осыған дейін де бірқатар кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Халық арасында саяси белсенділік деңгейі жоғары болады деп ойлаймын. Бірақ бізге қойылып жатқан сауал мен айтылып жатқан пікір көп. Мәселен, жер мен жер қойнауындағы байлық қазір мемлекеттік меншік делік. «Алдағы уақытта халық иелігіне өтсе, одан тиер пайда қандай», «кез келген мемлекет халықтан құралмай ма», «халықты таныстырып, оның мүддесін қорғайтын мемлекеттің өзі емес пе» деген сұрақтар да бар.