Ел пікірі: Депутатты халық таңдауы керек

Маусымның 5-інде жалпыхалықтық референдум өтеді. Бұл қадам Жаңа Қазақстан құрудағы мемлекеттік саясаттың алғышарты іспетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аз ғана  күн қалған осы науқанға ел қалай қарайды? Не дейді? Тыңдап көрелік.

– Қай уақытта да ел мәселесіне байланысты барлық шарада халықтың мүддесі айтылуы керек, халықтың үні тыңдалуы керек. Сондықтан да әрине, депутаттарды да халықтың сайлауына қарсы емеспін.

– Ашықтық керек негізі, кішкене. Алдында айтты ғой Тоқаевтың өзі демократия болады деп айтты да. Қарапайым халықтан да кішкене бір көзі ашық, өзінің еркін айтатын ойы бар адамдарды депутаттыққа көрсетуге болады.

– Қазір енді барлығы дамыған заман, ХХІ ғасырда барлығын халық таңдағаны дұрыс. Депутат мен үшін ашық мінезді, кең пейілді, халқына жанашыр бола білетін адам депутат бола алады.

– Кез келген адам депутат бола алмайды. Оған бір елді басқара алатын адал қызмет ететін адамдар болса болады. Тәжірибесі бар, енді 40-тан жоғары болса болады.