476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Конституциялық реформалар – жаңарудың кепілі

  • 142
  • UPD: 08:52, 24.05.2022

Саяси жүйені жаңғырту – қоғамды демократияландырудағы негізгі бағыт. Осы ретте сырбойылықтарға Сенат депутаттары Жаңа Қазақстан идеясы және Ата заңдағы өзгерістер мен толықтырулардың саяси мәнін түсіндірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еңбек ұжымдары, өндірістік және әлеуметтік сала өкілдерімен кездескен сенаторлар халықты әсіресе жер меншігі мен тілге қатысты сұрақтар толғандыратынын айтады.

Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Облыс әкімдігіне де үнемі бір ғана үміткерді алып келетін болса, енді кем дегенде 2, 3, 4 үміткер болуы мүмкін. Өйткені халықта, депутаттарда таңдау жоқ. Таңдауға мүмкіндік беретініне қуанып отыр. Біздің де кінәміз болды. Бір мандатты округтен аудандық, қалалық, облыстық мәслихаттарын тізім бойынша жібердік. Облыстық мәслихат депутаттарын 50% бір мандатты округ, 50% партиялық тізіммен осыны құптап отыр. Және Мәжілісті де құптап отыр.

Хабар 24 телеарнасы