Р.Бекжігітов Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының өкімімен Қайыргелді Қайратұлы Есенеев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.