470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Референдум: жүзден аса шетелдік байқаушы келеді

  • 151
  • UPD: 22:37, 25.05.2022

Бесінші маусымда өтетін республикалық референдумға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден жүзден аса байқаушы келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 43-і ТМД аумағынан. Бүгін референдум бойынша Орталық комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі Дмитрий Кобицкиймен онлайн кездесу өткізді. Тараптар саяси шараның маңыздылығы мен оған дайындықты тағы бір пысықтады.

Сонымен қатар  Нұрлан Әбдіров Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы Миссиясының басшысы Тамаш Месе-Ричпен кездесті. Комиссия төрағасы халықаралық байқаушыларды референдумға әзірлік барысы және негізгі кезеңдерімен таныстырды. Тараптар алдағы саяси науқан барысында бірлесіп жұмыс атқаруға келісті.

Хабар 24 телеарнасы