Референдум туралы дипломаттар не дейді?

Референдум - қазақстандықтардың өмірін жақсартуға мүмкіндік беретін маңызды тарихи оқиға. Бұл туралы дипломатиялық корпус өкілдері Сыртқы істер министрі мен Орталық сайлау комиссиясының төрағасымен өткен брифингте мәлімдеді.

Мұхтар Тілеуберді мен Нұрлан Әбдіров шетелдік елшілерге еліміздің Конституциясына енгізілетін түзетулер туралы айтып берді.

Ябо Глузман Эдвин Натан, Израильдің Қазақстандағы елшісі:

- Біз әрине, бұл процесті қолдаймыз. Менің ойымша, ұсынылған барлық реформа өте маңызды. Біз 20-дан астам жаңа заң қабылданатынын білдік. Жаңа Қазақстан ашық болады деп сенеміз.

Алан Хамсон, Канаданың Қазақстандағы елшісі:

- Менің ойымша, Үкімет халықтың қамы үшін осындай қысқа мерзімде үлкен шараны ұйымдастырды. Конституцияға өзгерістер енгізу - үлкен жауапкершілік. Біз дипломатиялық корпустың өкілдері ретінде Үкімет пен халық арасында диалог болуы үшін күш-жігер жұмсап жатқанын көргенімізге қуаныштымыз.