470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Саяси салмағы бар науқан – Берік Уәли

  • 189
  • UPD: 23:02, 25.05.2022

Конституцияға қандай өзгеріс енгізіледі? Оның халық мүддесі үшін маңыздылығы неде? Өскеменде дәл осы сұрақ төңірегінде кездесу өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Amanat» партиясы арнайы республикалық штабының мүшесі Берік Уәли Сәрсен Аманжолов атындағы мемлекеттік университеттің ұстаздарымен, профессорлық құрамы мен студенттерімен жүздесті. Басқосуда алдағы үлкен саяси науқан талқыланды. Жиында педагогтар мен студенттер өздерін толғандырған сауалды қойып, пікір алысты.

Берік Уәли, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы:

- Әңгімелесу форматында өте әдемі кездесу болды деп ойлаймын. Елімізде үлкен саяси науқан. Бұған барлығын шақырамыз. Мемлекет басшысы наурыз айының ортасында жолдауда көтерген саяси реформалар мәселелерінің барлығын осы Ата заңға енгізілетін өзгерістер қамтыған. Оның барлығы ертеңгі күні жүзеге асатын мемлекеттің дамуына халықтың әл ауқатының жақсаруына бастайтын үлкен заңдар қабылданады.

Мұхтар Төлеген, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры:

- Жастарымыз және оқытушы ұстаздарымыз, профессорлық құрам референдумға 100 процент баратынына және Жаңа Қазақстанның жаңа болашағына дауыс беретініне кәміл сендірді. Осы орайда келе жатқан референдумнан үлкен өзгерістер күтіп отыр халқымыз, сол өзгерістер болатынына сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы