Мәжіліс Төрағасы 770 метр тереңдіктегі шахтаға түсті

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов "Ленин" атындағы шахта кеншілерімен кездесті.

Өңірдегі көмір шығаратын ірі кәсіпорынның қызметімен танысқаннан кейін 770 метр тереңдіктегі шахтаға түсіп, жұмысшылармен референдум туралы әңгімелесті. Кеншілер Мемлекет басшысының саясатын қолдайтынын жеткізіп, барша жұртты 5 маусымда өтетін науқанға қатысуға шақырды.

Ерлан Сатыбалдинов, кенші:

- Шахтерлердің атынан 5 маусым күні референдумға шақырамын. Бәріміз жұмыла референдумға барып, мүддемізді қосып, өзгерістерді, Президентімізді қолдайық.