Атырау облысында 400 мыңға жуық тұрғын референдумға қатыса алады

Атырау облысында 400 мыңға жуық тұрғын референдумға қатыса алады.

Бұл үшін 261 учаске дайындалған. 1905 комиссия мүшесі бар. Қазір олардың біліктілігін арттыру мақсатында семинар-кеңестер, тренингтер ұйымдастырылып жатыр. Сонымен қатар шақыру билеттерін тарату жұмыстарына волонтерлар да тартылады. Референдум өткізуге облыс бойынша 450 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген. Саяси науқанға вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшылар да қатыса алады. Мысалы, шалғайдағы «Қашаған» кен орны қызметкерлерінің өз таңдауын жасауға мүмкіндігі бар.

Азамат Айманакумов, облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы:

- Бір ерекшелік – бізде Каспий қайраңында «Қашаған» кен орыны орналасқан. Ол бізде алыс, шалғайда орналасқан пункттердің бірі. Соған байланысты «Қашаған» кен орнына арнайы тікұшақ ұйымдастырылады. Оған арнайы дайындықтан өткен референдум комиссияларының мүшелері барады. Сол күні тасымалдау жәшігі арқылы сол жерде азаматтардың дауыс алуы ұйымдастырылады.