Н.Назарбаев: Референдум – бұл уақыт талабы

Нұрсұлтан Назарбаев саясаттанушыға берген сұхбатында бүкілхалықтық референдумға баратынын айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елде реформа жүргізу және дамыту жөніндегі іс-қимылын одан әрі қолдауға дайынмын. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа берген сұхбатында осылай деді. Сұхбат барысында Назарбаев Конституцияға түзетулер енгізу бойынша бүкілхалықтық референдумға баратынын жеткізді. Сонымен қатар бұл уақыт талабы болса және қоғамның ілгерілеуіне, демократиялық дамуына ықпал етсе, әр ұрпақтың негізгі заңға өзгерістер енгізуге құқығы бар деп санайтынын айтты.