476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдайды

  • 322
  • UPD: 10:03, 31.05.2022

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзіне қатысты Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдайды. Ол саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа телефон арқылы берген сұхбатында осылай деген. Алда өтетін референдумға баруға ниет білдірген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаевтың берген алғашқы сұхбаты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті:

Иә, 5 мамырда конституциялық құқығымды міндетті түрде пайдаланып, референдумға барып дауыс беремін. Мұндай өзгертулер бұрын да болды. Жалпылай алғанда,  қоғамның демократиялық дамуына, ілгерілеуіне ықпал етсе, әрбір ұрпақ негізгі заңға өзгерістер енгізуге құқылы деп санаймын. Мен жылдар бойы Президенттің елімізді одан сайын дамытып, реформалау бағытындағы  іс-әрекетіне қолдау білдіріп келдім. Бұл жолы да қолдайтыныма күмәнданбаңыздар

Сонымен қатар Тұңғыш президент қоғамды алаңдатқан тағы бір мәселеге қатысты пікір білдірді. 

Туыстарымның бірі менің атымды жамылып заң бұзса,онда олар жауапкершілікке тартылуы тиіс. Кінәсі сотта дәлелденуі қажет,-деді. Айта кетейік, жуырда ғана Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы