Әлихан Смайылов Мәскеуге жұмыс сапарымен барды

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді.

Кеңейтілген құрамда өткен кездесу барысында Әлихан Смайылов Қазақстан мен Ресей мемлекетаралық байланыстың барлық спектрі бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың дәстүрлі жоғары деңгейіне ие екенін атап өтті.

Биыл екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына және Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттың бекітілгеніне 30 жыл толады.

«Осы кезеңде сенімді әрі сындарлы диалог орнады. Көптеген өзара тиімді бағыттар бойынша серіктестік жоғары деңгейге көтерілді», — деді Әлихан Смайылов.