Қазақстанның Түркиядағы елшілігінде Балаларды қорғау күніне ерекше шара өтті

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған шаралар бала жүрегіне мейірім сыйлайды.

Осы орайда еліміздің Түркиядағы елшілігінде Балаларды қорғау күніне орай ерекше шара өтті. Балғындарымыз елшімен танысып, сурет салудан жарысқа қатысты. Шараның мақсаты балаларды отансүйгіштік сезімге тәрбиелеп, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сайыс нәтижесі бойынша бүлдіршіндер арнайы сыйлықтар мен мақтау қағазымен марапатталды. Бағдарлама барысында балалар түрлі тілде ән шырқап, «Қара жорға» биін мың бұрала биледі. Шара соңында балғындар мерекеге арнайы құрылған ойын-сауық алаңында әбден көңіл көтерді.