Киевте референдум өтпейді 

Бесінші маусымға белгіленген республикалық референдум Украинада өтпейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Қазақстанның Украинадағы елшілігі мәлімдеді. «Қазір Украинада тыныш емес. Оның үстіне, әр өңірде жүрген Қазақстан азаматтарын Киевке шақыру – қиын әрі қауіпті. Сондықтан республикалық референдум Киевте ұйымдастырылмайды. Елшіліктің онға жуық қызметкері Варшавадағы Қазақстанның дипломатиялық корпусында дауыс береді»,– дәп мәлімдеді, телефон арқылы елшілік қызметкері арна тілшісіне.