Саяси институттардың жұмысы жанданады

Ата заңға енгізілетін өзгеріс саяси институттардың жұмысына оң ықпал етуі мүмкін. Басты құжаттағы өзгертулер халықтың көп жағдайда шешім қабылдауына жол ашады, дейді Алуа Жолдыбалина.

Алуа Жолдыбалина, Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары:

- Енді референдумның нәтижесінде ең алдымен Конституция жаңарады. Конституцияның 33 бабына өзгертулер енгізіледі. Бұл ең алдымен Конституцияда көрсетілген барлық саяси институттардың жұмысына өзгеріс енгізіледі деген сөз.