Ерлан Қарин: Конституциялық реформалардың маңызы – саяси институттар арасындағы баланс орнату

«Хабар» арнасында тікелей эфирде өтіп жатқан «Референдумға барамын» телемарафонында ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин қонақта болды.

Ерлан Тынымбайұлы ҚР Конституциясына енгізілгелі отырған өзгерістер мен толықтырулардың мән-маңызына тоқталды.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Конституциялық реформалардың ең басты маңызы – саяси институттар арасындағы қарым-қатынасқа оптималды баланс орнату. Мысалы, Парламенттің статусын арттыру, Есеп комитетінің Жоғарғы аудиторлық палата болып өзгертілуі. Бұл палатаның төрағасы жылына 2 рет Парламент алдында есеп береді. Бұл бюджеттің игерілуін қадағалау функциясын күшейтуге бағытталған.

Мемлекеттік хатшы Конституциялық соттың атқаратын қызметін ерекше атап өтті.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

 - Конституциялық сотқа кез келген азамат шағымдана алады. Адам құқықтарына ие уәкіл конституциялық статусқа ие. Ол қандай да бір мемлекеттік органға тәуелді болмайды. Сөз соңында Мемлекеттік хатшы қазақстандықтарды референдумға белсене қатысуға шақырды.