Референдум: Жапония мен Кореядағы қазақстандықтар бірінші болып таңдау жасады. LIVE

Ондағы сайлау учаскелері Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 3-те ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқалардан бұрын студенттер мен Сеулде жұмыс істейтін жерлестерміз өз таңдауын жасауға келді. Олармен Оңтүстік Кореядағы арнаның меншікті тілшісі Владислав Цой кездесті. Ол қазір Сеулдегі №258 референдум учаскесінде тұр.

Владислав Цой, тілші:

– Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 7-ге әзірге 7 адам таңдау жасады. Референдумға арналған дауыс беру учаскесі 4 сағат бұрын ашылды. Комиссия мүшелері – 5 адам. Олар – Қазақстан елшілігінің қызметкерлері. Әнұранмен жұмысын бастады. Дауыс беруге дайындық оның басталуына бір ай қалғанда басталды. Таңдауды қай жерде жасауға болатыны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды. Қазақстандықтардың белсенділігі түстен кейін артуы мүмкін, өйткені жексенбі күні Кореяда адамдар жұмыс аптасынан кейін түске дейін демалуға тырысады. Ертең де осы елде демалыс күні. Өйткені азаматтар Отан үшін шайқаста қаза тапқан жауынгерлерді еске алады. Біз учаскелік комиссия төрағасымен сөйлестік. Тыңдайық.

Аслан Асқар, учаскелік референдум комиссиясының төрағасы:

– Қазіргі таңда жалпы ереже бойынша 258 учаскеміз Сеулде орналасқан сағат 7 ден 8-ге дейін жұмысын атқарады. Байқаушылар бізге өтінішін тастаған жоқ, бізде тіркелген жоқ. Шын айтса, көбісі осы жерде Кореяға келген әртүрлі себептермен азаматтарымыз. Ол бірінші студенттер, жұмыскерлер және туристік мәселемен келген. Өйткені 1 сәуірден бастап Корея тарапы өзін туристік визасын ашылған 30 күн бойы біздің Қазақстан азаматтары Кореяға визасыз кіре алады K-ETA жүйесі арқылы.

Владислав, Сеулде кім бірінші болып таңдау жасады?

Таңғы сағат 7-де алғашқы болып учаскеге ерлі-зайыптылар Кәкім мен Аруна келді .Олардың Кореяда жүргеніне 10 жыл болды. Екеуі Сеулде оқып жүргенде танысқан. Олар Қазақстан елшілігіне жиі келеді, Президент пен Парламент депутаттары сайлауында азаматтық борыштарын өтеуге келген. Ал осы ғимаратта олар тіпті 3 жыл бұрын некелерін тіркеген. Аруна аудармашы, ал Кәкім бизнеспен айналысады. Енді соларды тыңдап көрейік.

Аруна Жәнібек, Сеул қаласының тұрғыны:

Өте қобалжып тұрмын Қазақстанға болып жатқан жаңалықтарға арқашан құлағымызды түйіп отырамыз. Елден алыс жүрсек те Қазақстанда болып жатқан əр жаңалық үшін біз деген жаным ашып отыр. Сол үшін де осы елшілікке референдум болада деген күні бір апта бұрын дайындалып бір келіп дауыс берейік деп жолдасым екеуіміз осы келеді отырған жайымыз бар. 10 жыл бұрын Кореяда жүрген кезде Қазақстан деген кезде онша біле бермейді. Ал қазір Қазақстан десе, бірден Қазақстан үлкен мемлекет сендер бай екенсіңдер деп айтады. Сол үшін әрқашанда еңсеміз биік риза болып жүреміз Қазақстанды біледі дегенде.

Владислав Цой, тілші:

Бірінші болып таңдау жасағандарға естелік сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ сыйлықтар референдумның ең жас және ең үлкен қатысушысына беріледі. Сондай-ақ ауруханада жатқандарға да өз таңдауын жасауға мүмкіндік беріліп, бюллетеньдер Қазақстанның ұлттық әуе компаниясының экипаж мүшелеріне де жеткізіледі. Менде бар ақпарат осы.