Саяси партия басшылары дауыс беріп, таңдауын жасады

Еліміздегі саяси партия басшылары да дауыс беріп, таңдауын жасады. "Ауыл", "Ақ жол" және "Қазақстан Халық партиясы" төрағалары референдум жайлы пікір білдіріп, Ата заңға енетін өзгерістерді сөз етті. 

Жалпыхалықтық референдумға ауыл партиясының төрағасы Әли Бектав та қатысты. Халық қалаулысы өз таңдауын елорданың Есіл ауданындағы №113 дауыс беру бөлімшесінде жасады. Айтуынша Ата заңға қатысты қабылданатын шешімге кәмелеттік жасқа толған әрбір Қазақстан азаматы атсалысқаны абзал. 

Әли Бектаев, "Ауыл" партиясының төрағасы:

- Қазір біз өзіміздің құқығымызды пайдаланып, еліміздің болашағы үшін дауыс бері отырып, біз еліміздің болашағына өзіміз де жауапкершілікті сезініп отырмыз ғой деп ойлаймын.

"Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев та референдумға қатысты. Дауыс берген соң мәжіліс депутаты тұрғындармен кездесіп, пікір алмасты. 

Азат Перуашев, "Ақ жол" Демократиялық партиясының төрағасы:

- Алдымызда сайлау болуы керек. Оған сай, конституцияға сай бірталай заңдарды соған келтіруіміз керек. Ол Парламент туралы, үкімет туралы, Конституциялық сот туралы, Президент туралы. Бүкіл заңнамамызды жаңа жүйеге келтіруіміз керек.

Ал Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамед Ертісбаев дауыс бермес бұрын, 20-ға жуық учаскені аралап, сайлау науқанының жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті. 

Ермұхамед Ертісбаев, Қазақстан Халық партиясының төрағасы:

мен осыған дейін өзімнің прогнозымда халықтың 70 проценті тіпті одан да көп келеді деп болжап айтқанмын. Сондықтан референдум талапқа сай. Халық президентті қолдайды деп білемін. 

Сенат пен мәжіліс депуттары да дауыс берді. Атап өтерлігі, осы референдумда қос палаталы Парламенттің жұмысына қатысты бірнеше ұсыныстар қаралған. Саяси партия басшыларының сөзінше, ол өзгерістер елдің дамуы үшін маңызды.

Ғазиза Мұхамеджанова