Референдум-2022: Елде дауыс беру аяқталды

Қазақстанның барлық өңірінде және шетелдегі 25 учаскеде дауыс беру аяқталды, өзге 40 учаскеде әлі жалғасып жатыр.

Енді референдум комиссиясының мүшелері бюллетендерді санауға кірісті. Сағат 20:00-дегі жағдай бойынша 7 млн  936 мың  655 адам дауыс берді. Бұл дауыс беру тізіміне енгізілген азаматтардың 67,65 процентін құрайды.