Әзербайжандағы қазақстандықтар дауыс берді

Әзербайжанда тұрып жатқан Қазақстан азаматтары Бакудегі Елшілікте ашылған №262 учаскеге барып, уақыт айырмашылығына байланысты әлі де дауыс беріп жатыр. Тізімде 169 отандасымыздың аты-жөні жазылған. Дауыс бергендер арасында студент, кәспкер, спортшы сияқты түрлі мамандық иелері бар. 

- Бакудегі Қазақстан елшілігіне, дауыс беру үшін достарымызбен бірге келдік. Бұл біздің азаматтық парызымыз. Өзім Баку инженер университетінде оқимын.

- Әзербайжан мемлекеттік экономикалық университетінде оқимын. Бакудегі елшілігімізге бірінші келуім. Азаматтық ұстанымымды білдіру үшін тұрмын.

Кәсіпкер:

- Баку қаласына сауда-экономикалық миссия құрамында келген едік. Сапарымыз референдуммен қатар түсті. Конституциялық парызымызды орындауға келдік.

Елдар Иманғұлов, спортшы:

- Қазақстан құрамасының мүшесімін. Қазір Бакуде Әлем кубогі өтіп жатыр. Бакудегі елшілікке дауыс беру үшін өзіміз келдік.